[:kz]
Түркияда телевизиялық бағдарламаға келген Тарык есімді 12 жасар мектеп оқушысы 1 минутта бір кітапты оқып шығып, елді таңғалдырды, деп жазады Caravan.kz.
Бағдарлама жүргізушісі Тарыкқа 11700 ге жуық сөзден тұратын кітапты көрсетіп, қанша уақытта оқып шығасың деген сауал қояды. Бір минутта, деп жауап береді Тарык.
Содан кейін жүргізуші Тарык оқымаған, оған таныс емес кітапты ұсынып, оқып шығуына бір минут уақыт береді.
Бір минутта кітапты оқып шыққан бала, кітаптың мазмұны туралы жүргізушінің қойған сұрақтарына дұрыс жауап береді.
Қалай оқып шығасың деген сұраққа, фотоаппарат сияқты, ақпаратты бірден суретке түсіріп алып, миға жіберіп отырамын деп жауап береді. Жәнеде жылдам оқудың әдісі көздің жаттығуында болып тұрғанын айтады, яғни көзді жылдам қимылдату арқылы бәрін бірден көруге болады екен.
kaz.caravan.kz
[:]