АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Талдықорғанда жас мемлекеттік қызметшілер слеті өтті[:]

[:kz]

 23 маусымды — Мемлекеттік қызмет күніне орай «Жастарға қызмет көрсету орталығы» ғимаратында алғаш рет «Білікті мемлекеттік қызметкер – ел тірегі» атты жас мемлекеттік қызметшілер слеті өтті.

Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Атаулы күнге орай жастар саясаты мәселелері басқармасы «Білікті мемлекеттік қызметкер – ел тірегі» атты жас мемлекеттік қызметшілер слетін ұйымдастырды. Жас мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен  облыс әкімінің орынбасары Омар Жақсылық Мұқашұлы мен  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлы құттықтады. Жас мемлекеттік қызметші В.Чепель әріптестерін айтулы күнмен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. «Сіздердің еңбектеріңіз Қазақстанға және оның азаматтарына табыс пен өркендеу әкелсін» — деді ол өз сөзінде.

Жас мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырылып, халқымыздың көркейе беру жолындағы адал қызметі үшін бірнеше қызметкерге облыс әкімінің орынбасары Ж.Омардың алғыс хаты табыс етілді. 

Алтынорда

 

 

[:]