АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тамақ ішпейтін отбасы[:]

[:kz]

Калифорния мен Эквадордың аралығын мекен еткен отбасы өздерінің тамаққа тәуелді емес екенін айтады. 34 жастағы Акахи Рикарда мен оның зайыбы Камила Кастеллоның пайымынша, олар күннің энергиясымен қуаттанады екен. Жас отбасы аптасына үш-ақ рет тамақтанады. Сирек тамақтану – олардың өмірдегі басты қағидасы. Екі баланың анасы Камила тіпті аяғы ауыр кезде де бұл қағидадан бас тартпаған. Ол тұңғышына жүкті болған 9 айдың ішінде бес-ақ рет тамақтаныпты. Камила аяғы ауыр кезде баласы өзінің махаббатымен қоректенгеніне сенімді. Ол дұрыс дем алу жаттығуларын жасау арқылы баласын аман-сау дүниеге әкелген.
Камила осыдан біраз жыл бұрын күйеуі екеуінің мүлдем тамақ жемеген күндерін еске алып, сол уақытта өте бақытты болғанын айтады.
«Үш жылдай уақыт Акахи екеуміз ештеңе жемедік. Ал қазір сирек тамақтанамыз. Кейде мен жеміс-жидек жегім келеді. Сол уақытта отбасымызбен бірге жеміс-жидек немесе басқа да жеңіл тағам түрімен тамақтанамыз. Айтпақшы, жүктілік кезіндегі тексеріс нәтижелері өте керемет болды, мен дені саубалаларды дүниеге әкелдім»,– деп қуанышымен бөліседі. Олар алғашында тек көкөніспен ғана тамақтанса, қазіргі кезде тамақты шикідей жейді екен. Осы күні бұл отбасы тамаққа аса көп қаражат жұмсамайды. Оның орнына олар жиі саяхаттайды, білім алады.

ӨЛІ ҚАЛА
Батыс Шпицбергенде орналасқан Лонгйир қаласының аумағында «адамның өлуіне тыйым салынған».  Мұнда 2000-нан аса тұрғын өмір сүреді. Әрине, кез келген уақытта адамның өліп кетуі әбден мүмкін болғанымен, мұнда адам жерлеуге тыйым салынған. Сондай-ақ бұл жерде ешкім сәбиін дүниеге әкеле алмайды. Аяғы ауыр әйелдер «Үлкен жерге» оралады. «Бұл мекен өзінше бөлек әлем болғандығы соншалық – онда бар проблема артта қалады», – дейді польшалық фотограф Доминика Гешицка (Dominika Gesicka). Гешицка бұл жерге алғаш рет 2015 жылы келіп, кейіннен қаланы суретке түсіру үшін «Бұл шынайы өмір емес» деген фотожоба арқылы бірнеше рет қайта оралған. Мұнда полярлық аюлар өмір сүретіндіктен, адамдар серуенге шыққанда мылтық ұстап жүруге мәжбүр.
Қалада мысық, ағаш, бағдаршам дегендер атымен жоқ. Қысқы уақытта поляр түні төрт айға созылады, ал сәуір айының ортасынан бастап тамызға дейін – полярлы күн.Бұл елдің өмір сүруге қолайсыздығына қарамастан, мұнда келіп, бес-он жылға қалып қалғандар бар екен.

www.zhasalash.kz

 
 

[:]