АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттады [:]

[:kz]

2017 жылғы маусымда азық-түлік тауарларының бағасы 2016 жылғы маусыммен салыстырғанда 9,7 пайызға өсті, — деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттгі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Баспасөз қызметінің мәліметінше, кофе, шай және какао 20,5 пайызға, жемістер мен көкөністер — 17,3 пайыз, кондитерлік өнімдерге — 11,8 пайызға, алкоголь ішімдіктер — 9,3 пайызға, тоқаш және ұн өнімдері — 8,6 пайызға, сүт өнімдері — 8,4 пайызға, балық және теңіз өнімдері — 7,6 пайызға, нан — 7,4 пайызға, ұн — 5,5 пайызға, май және тоң май — 3,8 пайызға, макарон өнімдері — 3,3 пайызға, қант — 1,1 пайызға қымбаттаған, ал жармалар 2,1 пайызға төмендеді. Бұл кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 10,3 пайыз болыпты. Сиыр етіне баға деңгейі 12,9 пайыз, қой етіне — 12,1 пайыз, құс етіне — 11,6 пайыз, шошқа еті — 9 пайыз, жылқы етіне — 7,1 пайыз, шұжық өнімдеріне — 5,6 пайызға жоғары болды.

«Қамшы» сілтейді

http://qamshy.kz/home/show/21123

[:]