АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Ойнап жүріп, гей болып қалдым». «Көгілдірдің» әңгімесі[:]

[:kz]

Былай байқалмайтын шығар, бірақ бұл қазір ең өзекті мәселелердің біріне айналып барады. Мамандар алдын ала шараларды қолға алмаса, жағдай ушығып, тіпті, қоғамда әлдеқандай жарылыс болуы мүмкін екенін айтып отыр.

Еліміздегі гейлер, тіпті, биыл өздерінің сайтын ашып, оның қазақ тіліндегі нұсқасын да шығара бастады. Қауіптенетіндей-ақ жағдай бар.

Біріншіден, бұл бізде азғындық болып саналады.

Екіншіден, отбасылардың шырқы бұзылып жатыр.

Мәпелеп өсіріп, ертең содан немере сүйіп, қызығын көремін ғой деп отырған баласы гей болып шықса, әке-шеше қандай күйде болмақ?

Гомосексуалдарды біздің қоғамның басым бөлігінің қабылдамайтынын, соның салдарынан туыстар арасында кикілжің туып жатқанын анық көрсететін жағдайлар қазір жеткілікті. Мысалы Сергей (аты өзгертілген) есімді гей өзінің бір жігітпен көңіл қосқанын білгенде, анасының қалай уайымдағанын айтып берді.

«Анам кереуетте бетін қолымен жауып алып, жылап отыр екен. Мен оған бұлай уайымдаудың қажеті жоқ екенін, бәрі де жақсы болатынын айттым. Сонда ол: «Бұл ұзаққа созыла ма? Сенің ешқашан сүйетін қызың, ал менің немерелерім болмай ма?» деді.

Оның мұңды түріне қарай алмадым. Тек бұның кездейсоқ болғанын, жәй ойнағанымызды және енді қайталанбайтынын айтуыма тура келді», дейді Алексей.

Бірақ оның әлгі Денис есімді жігітпен қарым-қатынасы жалғаса берген. Осындай гомосексуалдық қатынастың кесірінен Денистің де бауырларымен арада кикілжің болған. Қазір бұл екеуі Германияға кетіп қалыпты. 

 

kaz.365info.kz

alashainasy.kz

[:]