АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жол апатында екі аяғынан айырылған қыз отандастарына алғысын білдірді [:]

[:kz]

Алматыдағы жол апаты салдарынан екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиева отандастарына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі sputniknews.kzсілтеме жасай отырып. Екатеринаның жүрек жарды сөздерін Facebook парақшасында Ольга Агапова жеткізген. «Қайырлы күн, достар! Туған-туыстар, дос-жарандар, әріптестер мен ақ жүрек мейірімді жандар! Жағдайым әжептәуір жақсарып қалды, сіздерге шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Жылы сөздеріңіз, дұға — тілектеріңіз бен отбасыма материалдық көмек көрсеткендеріңіз үшін көп рахмет! Сіздердің қолдауыңыз маған қаншалықты күш қуат бергенін елестету қиын, сын сағатында демеу болған сіздер. Алдымда үлкен жол бар, бірақ бұл сыннан да сүрінбей өтетініме сенімдімін, өйткені айналамда маған қолдау көрсетіп, демеу болар мейірімді жандар өте көп. Сол үшін де мың алғыс! Көмек қолын созған әрқайсыңызбен жеке танысып, қайырымдылықтарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді. Кейінірек бұл мүмкіндікке де қол жеткіземін деп сенемін. Мың да бір рахмет!!!».

«Қамшы» сілтейді

http://qamshy.kz/home/show/21221

[:]