АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қытайда қазақ студенті тұтқындалды[:]

[:kz]

С.Аманжолов атындағы ШҚО мемлекеттік университетінің түлегі Аққу Еренбек Қытайда тұтқындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі rfa.org-қа сілтеме жасап.

Мәліметтерге сүйенсек, 19 жастағы студент қыз  ұялы телефонынан Құран және «Қылмыс» романы табылғаны үшін тұтқындалған. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі Аққу Еренбек жаздық демалыста Қытайдағы үйіне қайтар жолда Майқапшағай-Жеменей шекарасында Қытай Қауіпсіздік қызметкерлері жағынан тұтқындалған.

Айта кетейік, «Қылмыс» романы- Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы жағынан баспадан шыққан. Авторы- Қытайда 40 жыл түрмеде отырған қазақ — Қажығұмар Шабданұлы.

«Қамшы» сілтейді

[:]