АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Газдалған сусын ішкен жасөспірім 2 сағаттан кейін көз жұмған[:]

[:kz]

Жас жеткіншек газдалған су, латте кофесін, энергия көтеретін сусын ішкен.  Бәрін араластырып ішіп соның салдарынан жасөспірім қаза тапқан деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru–ға сілтеме жасап.

16 жастағы АҚШ тұрғыны аталған сусындарды ішкеннен кейін екі сағаттан кейін  сабақ уақытында қайтыс болды.

Белгілі болғандай, аталған сусындардағы кофеин мөлшерінің шектен тыс болуы жүрек қағысының нашарлауына әкеліп соққан.

Адам күніне тек төрт шынаяқ кофеинді сусын ішуіне болады. Кофеин мөлшерінің бұдан асып кетуі адам ағзасына аса қауіпті.

 

Шолушы: Назерке МҰСА

«Қамшы» сілтейді

[:]