[:kz]
Бұл “үйлену той” Үнді елінде болған. 18 жастағы Мангли Мунданы күйеуге итке берген. Сізге бұл оқиға біртүрлі болып көрініп тұрған болар, ал Үнді елі үшін үйреншікті жағдай болып, тіпті дәстүрге айналған десек те болады екен. Оларға не үшін бұл дәстүр керек? Оқып көріңіз!
Үнділіктердің сенімі бойынша жындар жануарлардан қорқады. Сол себепті өздерінің қыздарын қорғау үшін, оның алдағы өмірін тазалау үшін итке, жыланға т.б жануарларға тұрмысқа берген.
Манглидің таныстарының айтуынша ол қызды сәтсіздіктер қоршап алған. Солардан құтылып, бақытты өмір сүру үшін Мангли итке тұрмысқа шыққан.
Ол иттің, дәлірек айтқанда Манглидің күйеуінің есімі – Шеру. Оны қыздың әкесі таңдаған.
Манглидің өзі бұл дәстүрден үлкен үміт күтіп отыр екен. Барлық армандарының орындалып, өзі қалаған жерге тұрмысқа шыққысы келеді екен. (бұл жолы адамға)
Бұл Үнді елінде орын алған жалғыз оқиға емес. 2004 жылы 75 жастағы ер адам да осы дәстүр бойынша итке үйленген. Бірақ, бұл жолы дәстүр 75 жастағы атайға көмектеспепті. Себебі, неке қиғаннан соң 3 күн өткенде атай өмірден өткен екен.
Әр елдің салты басқа. Сіз бұл дәстүр жайлы не дейсіз?
bimedia.kz
[:]