[:kz]
Он жастағы оқушы мектептегі емтиханға үлгеру үшін 5 шақырым жолды жаяу жүріп келген. Тоғыз градустық аязда оның шашын қырау басып, қатып қалған.
Оның суреті сол сәтте-ақ ғаламторды шарлап кеткен. Қытайдың Юньнань провинциясында тұратын оқушы үнемі осындай келеңсіз жағдайларға тап болып жүреді екен. Сол себепті «Қар ұшқыны» деген атқа ие болған. Бала жұмыс істейтін ата-анасынан бөлек тұрады екен. Оны басқа балалармен бірге ата-әжесі қарайды-мыс.
reactor
[:]