[:kz]
Алматыда 9 желтоқсан күні «Эйр Астана» ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып кеткен еді. Сарапшылар әуежайда болған оқыс жағдайдың себебін анықтады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
«Эйр Астана» әуе компаниясына тиесілі ұшақтың жолақтан шығып кетуіне қатты жылдамдық себеп болған. Жүйткіп келе жатқан ұшақ бұрыла алмай, жолақтан ауып кеткен. Сосын, тежегішті дұрыс пайдаланбаған.
Төтенше жағдайдың тағы басқа себептері: әуе алдындағы сапасыз дайындық, әуе кемесі орнының арнайы параметрлерін және әуежай параметрлері білмеу.
Еске сала кетейік, 10 желтоқсанда оқыс оқиғаға тап болған ұшақ Алматыдан Бангкокқа ұшуы тиіс болатын. Әуе кемесінде жүзден астам жолаушы болған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Ал жолдан кешіккен жолаушылар резервтегі ұшақпен Бангкокқа жөнелтілді.
Лайнердің өзін батпақтан арнайы техниканың көмегімен 5 сағатта шығарып алды. Кейін, ол жөндеуге жіберілді.
Оқиға болған күні әуе компаниясы бірден ұшақтың тежегіші істен шыққан жоқ деп мәдімдеген еді.
Тізгінге ие бола алмаған ұшқышқа қандай жаза қолданғаны белгісіз.
stan.kz
[:]