[:kz]
Алматы облысының Алакөл ауданындағы Көлбай ауылының әкімі қарды трактормен өзі тазалап жүр. Жергілікті тұрғындар ауыл басшысының еңбекқорлығына тәнті болып, видеоға түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Көлбай ауылының әкімі Ержан Шәкеровке ҚазАқпарат тілшісі хабарласып, мән-жайды білді. Ержан Шәкеров, әкім деген лауазымыңыз бар, тракторға отырып, қар тазалағаныңызды қалың көпшілік қалай түсінер екен ?
«Мен осы Көлбай ауылында туғанмын. Кіндік қаным тамған туған ауылымның халқына қызмет етуден ешқашан шаршамаймын. Қар тазалайтын мекемелер біздің ауылдың ішкі жолдарын толықтай білмейді. Ал мен тракторға отырып алып, жалғыз адам жүретін жолдарды да тазалаймын. Ол жұмысым үшін ешуақытта намыстанған емеспін. Керісінше, халқыма пайдамның тигеніне ризамын. Осыдан екі күн бұрын ғана қарды тазалап едім, тағы да жауды. Қазір тазалап жатырмын»,
дейді Көлбай ауылының әкімі Ержан Шәкеров.
inform.kz
[:]