[:kz]
Астаналық инспекторлар автобустағы тексеру кезінде жалған зейнеткер куәлігін көрсеткен айелді анықтады деп хабарлайды Елорда Инфо,
«Астана LRT» ЖШС көліктік бақылау департаментінің инспекторлары күн сайын қала автобустарында тексеріс жүргізеді. Инспекторлар жолаушылармен қатар кондукторлардың жолақы билетін беруін тексереді екен.
«Кезекті тексеріс кезінде 51 автобус бағдарында департамент инспекторлары жалған зейнеткер куәлігін көрсеткен әйелді анықтады. Куәліктің жалған екенін инспекторлар МӨТО базасында құжатты тексеру мүмкіндігінің арқасында автобустың ішінде көз жеткізді», — деді баспасөз қызметі.Инспекторлар оқиға орнына полиция шақырды. Астана тұрғынына Есіл ауданының ІІБ-мен сотқа дейінгі тергеу амалы басталды.
«Мемлекеттік штамп, мөр, бланкты қолдан жасағаны үшін Астана тұрғынына Қылмыстық кодекстің 385-бабының 1- тармағына сәйкес, 2 мың АЕК мөлшеріне (2018 жылғы ееесепте 4 810 000 теңгені құрайды ) дейінгі айыппұл салу немесе екі жыл көлемінде бас бостандығынан айыру жасазы көзделген», — дейді ведомстваның баспасөз қызметі .
alashainasy.kz
[:]