АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шудың бойында, то есть жолдың бойында қалып қойған жоқсыз ба?[:]

[:kz]

 

 

 

 

«Сайранның» салған әлегі

 

Қазақ әрі ойшыл, әрі тойшыл халық қой. Сол той қуалап Түркістанға бару керек болды. Мейрам қарсаңы болғандықтан, пойызға да, аутобусқа да билет жоқ екен. Осыны ескеріп «Сайран» аутовокзалы (Автовокзал Сайран) басшылығы қосымша көлік қосыпты. Онысына, әрине Алла разы болсын айтамыз. Біз де ел қатарлы Алматы – Қызылорда бағытына билет алдық. Бірақ аутовокзал әкімшілігі оңтайлы сәтті тиімді пайдаланып, билет құнын өсіріп жіберген. Оның үстіне, о заманда бұ заман, жүкке қосымша ақы сұрағанды осы жерден көрдік. Ұшақпен де, пойызбен де жол жүріп көрдік. 30 келіге дейін тегін емес пе?! 

«Біз де әке сабап жүрміз, бірақ арбаға байлап кім сабап көрген» деген екен бір тентек. Сол айтқандай, «Сайран» аутовокзалының әкімшілігі мұны қайдан шығарған? Тиісті орындар мұны тексеруі керек деп ойлаймыз.Оған да шүкіршілік айтасың ғой, егер мінген көлігін соған сай болса… Ал бәрі керісінше болса, не істейсің? Бірақ біздің елде обал-сауапты біліп жатқан жан бар ма?! Қалтасы томписа, болғаны… Арғы жағына бас ауыртпайды. Қысқасы, біреудің жоғын біреу ән салып жүріп іздейдінің кері ғой бұл. Қош, содан не керек, жөтеліп-қақалып тұрған аутобусымыз Алматыдан шыға бере аяғын санап басып, көрінген жерге тоқтап, жолаушыларды әбден әбігерге салды. Соған қарамастан шопыр «Шудың бойында» деген атақты әнді бақыртып қойып келеді. Біз «Шудың емес, жолдың бойында қалып қоямыз ба?» деп қорқып отырмыз. Күдігіміз расқа айналып, Қордайға жетпей қырық тоқтап, Шымкентке 14 сағатта әрең жетіп, одан басқа аутобусқа ауысып, қойшы не керек, Түркістанға күндізгі сағат 15.30-да келдік-ау. Аутобус бізді емес, біз аутобусты сүйреп келгендей күй кештік. Бұл – бір емес, бұған дейін де, бізден кейін де мұндай жағдай қайталанып келеді. Құдай ақырын берсін дейміз.Сөзіміз жалаң болмасын, енді мына суреттер мен бейнекөріністі көре отырыңыздар. Дәл осындай аутобуспен «Сайран» әкімшілігінің басшылығын Қызылорадаға дейін апарып әкелер ме еді?!

 

Тобықтай түйін:

Шудың бойында, то есть жолдың бойында қалып қойған жоқсыз ба?

 

Ермахан Шайхы

Фейсбуктегі парақшасынан

 

[:]