[:kz]
Кеше еліміздің түкпір-түкпірінде биылғы мектеп бітірушілердің қоштасу кеші өтті. Осыған орай, отандық журналист қазақ мектептерінің қоштасу кештері той сияқты болатынын айтып, мұны даңғазалыққа теңеді.
Оның айтуынша, ата-аналар оқушылардың қоштасу кешін құдалық тойға айналдырып жібереді. Арнайы үлкен зал, асаба, тіпті әнші-әртістерге дейін жалдайды екен.
«Кеше орыс мектебінің түлектері кәдімгі қарапайым кафеде қоштасу кешін тойлады. Алып сарай, зәулім ғимарат емес, даладағы шарбақтармен қоршалған үстелде отырды. Айтайын дегенім басқа. Қазақ мектептерінде қоштасу кеші неге құдалық той сияқты өтеді? Залды, асабаны, әншіні жалдайсың. Қып-қызыл шығын. Әйтеуір осы науқанда әнші-асабалардың ұрты майланып қалады. Ал біз сол үш-төрт сағаттық кешті дүркіреген тойға айналдырып жібереміз. Балалар оны қалай ма? Бір пенде сұрамайды. Осы үрдіс пе, дәстүр ме, оны құрту керек», — деп жазды тележурналист Жазира Бегалы өз Instagram-парақшасында.
sn.kz
[:]