АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Дәурен Қуат «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметіне тағайындалды[:]

[:kz]

Белгілі жазушы, журналист Дәурен Қуат «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды Абай-ақпарат.  

Дәурен Қуат бұған дейін «Алтын орда» мен «Жас қазақ» газетінде бас редактор болған. «Алтын орда» атты аймақтық газетті республикалық деңгейге көтерген. 2002 – 2003 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары болған.

Дәурен Қуат 1973 жылы Алматы облысы Талдықорған қаласы Қапал ауданы Ащыбұлақ ауылында дүниеге келген. М. Қашқари атындағы және Ғ. Мүсірепов атындағы сыйлықтардың лауреаты.

1990 жылы аудандық «Қапал еңбеккері» газетінің тілшісі;

1993 жылы облыстық «Жерұйық» газетінің тілшісі;

1994 жылы республикалық «Халық кеңесі» газетінің бұрынғы Талдықорған облысындағы (қазіргі Алматы облысы) меншікті тілшісі;

1996 – 1997 жылдар аралығында Еларалық «Қазақ елі» халықаралық газетінің меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі;

1997 – 1999 жылдар аралығында республикалық «Жас Алаш» газетініңтілшісі, бөлім меңгерушісі;

2000 – 2001 жылдар аралығында республикалық «Алтын орда» газеті бас редакторының орынбасары;

2001 – 2003 жылдар аралығында «Хабар» арнасындағы «Майдан» телебағдарламасының редакторы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет институтының кіші ғылыми қызметкері;

2002 – 2003 жылдар аралығында «Қазақ Әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары;

2004 -2007 жылдары республикалық «Алтын орда» газетінде бас редактор;

2008 – 2009 жылдары республикалық «Жас қазақ» газетінің бас редакторы;

2009 жылдан бері қарай «Abai.kz» ақпараттық порталының бас редакторы, «Абай-ақпарат» Қазақстан интернет кеңістігін дамыту қоры» Қоғамдық қорының президенті;

2013 жылы Түркі әлемі жазушыларына арналған сыйлықтың лауреаты;

2015 жылы ҚР Ақпарат саласының үздігі;

2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған медаль иегері.

Abai.kz

[:]