АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Денис Тен мәңгі сапарға аттанған күн[:]

[:kz]

 

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Ол соңғы сапарға туған қаласынан аттанды. Денис Тенмен қоштасу еліміздің барлық аймағында өтті.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына тұрғындар бірнеше сағат ерте жиналды.

Дүние Денис кеткелі бос қалғандай. Адамдардың бәрінің қабырғасы қайысулы. Мұң. Қимастық.

 

Жұрт азаматтық жаназаның нашар ұйымдастырылғанын айтып жатты. Халқының сүйіктісі Дениспен қоштасуға жүздеген, тіпті, мыңдаған адамның келуі мүмкін екенін біле тұра, келушілер нөпірін реттеуді ешкім алдын ала ойластырмаған. Есік алдында тұрған бірнеше адамға жедел жәрдем қызмет көрсетті.

Денистің досы, боксшы, Олимпиада чемпионы, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев.

Көңіл айтушылар Денистің ата-анасына, жақындарына сабыр тіледі.

Қазақстанның мақтанышы Геннадий Головкин Денисті өзінің туған бауыры санайды. Спортта да, еліміздің әлемдік беделін асқақтатуда да екеуінің мүддесі бір еді. Геннадий АҚШ-тан ұшып келдi

Жиналған халық спортшыны тоқтаусыз шапалақ ұрып, құрметпен шығарып салды. Ғимаратқа кіріп үлгермегендер төңіректі гүлге толтырды. Жылаған дауыстар естілді.

Денис Тен (13.06.1993-19.07.2018) Достық елді мекеніндегі зиратқа жерленді.

Сен жүлде алған күн еді ғой ұлы күн,

Бірі едің ғой спорттағы ірінің.

Мұз үстінде ойнақ салған құлыным,

Мұзға айналып кетті-ау сенің ғұмырың!

(с) Олжас Қасым.

Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Материал Baribar.kz ке тиеселi

 

[:]