[:kz]
Алматы» теларнасына Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев хабарлағандай, ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының және Қарасай ауданы полициясының қызметкерлері жүргізген арнайы операция нәтижесінде, жаңа туған нәрестелерді сатуды ұйымдастырып жүрген топ құрықталған деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.
«Аталмыш іс ҚР ҚК 135-бабының 2-тармағы – «Кәмелеттік жасқа толмаған адамды сатып алу-сату» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізілімінде тіркелген. Ұсталған азаматтарға қатысты бұлтартпау шараларын қолдану мәселесі шешіліп жатыр. Күдікті тұлғалар ретінде медицина қызметкерлерінің аты-жөні аталуда. Тергеудің құпия жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деді ол.
sn.kz
[:]