АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әнші Альбина Шардарова тұрмысқа шықты (ФОТО, ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

 

 

 

Өзінің әдемі қылығымен тыңдармандарының жүрегін жаулап, сұлулығымен көпті тәнті еткен Альбина Шардарова тұрмысқа шықты. Оның ұзатылу тойындағы видеолар Instagram-парақшасындағы qaz.stars тобында жарияланды.

Шардарова актер Бауыржан Сатовпен отбасын құрды. Той Шымкент қаласында өтті. Оны белгілі әнші Мәдина Садуақасова өз қолымен ұзатты.

Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілесіп жатыр.

Айта кетейік, Бауыржан Сатов бұған дейін отбасын құған. Көпшілік Шардарованы «біреудің жанұясын бұздың» деп кінәлаған. Кейін актер Альбинаға дейін ажырасып кеткенін, тіпті баласы да жоқ екенін алға тартып, жұртты ауыр сөз айтпауға шақырған.

 

sn.kz
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

[:]