[:kz]
Алматылық Надира Аухадиева аяғына электронды неміс протезін қою үшін халықтан 51 мың евро жинады. Бойжеткен аяғына тұрып кетті
Екі жыл бұрын ауыр дерттің салдарынан Надира Аухадиева оң аяғынан айырылып қалған еді. Алайда үмітін үзбеген бойжеткен, екі жылда емделуі үшін қолынан келгенін барлығын жасады. Кейін неміс дәрігерлері Надираға: «Екі аяғына тік тұрып кетуіне болады, ол үшін 70 мың еуроға заманауи протезді алу керек»,- деген еді.
Кейін бойжеткен қазақстандықтардан әрқайсысы 4000 теңге көлемінде қайырымдылық жасап, ақша жинауға көмектесуін сұраған. Отандастары болса, Надираның сауығып кетуі үшін барынша қол ұшын созды.
“Екі аяғыңда қайта жүру жаңа сезімдер сыйлайды, қуантады. Екі жыл бойы аяққа тұрмаған соң, бұрын-сонды жүріп көрмеген алғашқы қадамдарын жасайтын кішкентай бала секілдісің. Германияда жүруді үйренген кезімде қатты құлап қалдым”, — дейді ол.
Надира Аухадиеваның сөзінше, ол әлі жүрісін дұрыстауы керек. Дәрігерлер оған 6-8 айдан соң еш қиындықсыз жүріп кете аласың, тіпті жүгіретін де боласың», -деген еді. Қазір Надира жұмыс іздеп жүр. Ол қоғамға пайда тигізуіді армандайды.
kyn.kz
[:]