АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]БҰҰ: ҚАЗАҚСТАН МЬЯНМАДА ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫ АЙЫПТАДЫ[:]

[:kz]

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Мьянмадағы ахуалы туралы отырысында Қазақстан Ракхайн штатында жасалған қылмысты айыптап, осы елдегі гуманитарлық дағдарысты бүкіл халықаралық қоғамдастықтың қатысуымен жедел және жан-жақты түрде шешуге шақырды.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Мьянмадағы фактілерді анықтау бойынша тәуелсіз халықаралық миссиясының басшысы Марзуки Дарусман сөз сөйлеп, Мьянмадағы жағдай туралы және рохинджа халқына қарсы адам құқықтарының бұзулуы жалғасып отырғанын айтып берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан халықаралық миссияның тергеу нәтижелері бойынша ерекше алаңдаушылық білдіріп, Ракхайн штатында жасалған қылмысты айыптады. «Мьянмадағы рохинджа-мұсылмандарына қатысты этникалық және діни кемсітушілік, осы күнге дейін жалғасып отырған кең ауқымды депортациялау және қудалауды қоса алғанда адам құқықтарының айқын, жаппай және жүйелі түрде бұзылуы туралы баяндамалар жан түршіктіреді», – деп Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Қанат Тұмыш мәлімдедi

Қазақстанның өкілі жасалған қылмыстардың толық ашылуы және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту рохинджа-мұсылмандарының өз үйлеріне қайтудың алғышарттарының бірі болатынын атап өтті.

Бір миллион рохинджа адамдары, олардың көпшілігі әйелдер мен балалар, әлі күнге Бангладештегі босқындар лагерінде тым қиын жағдайға түсуге мәжбүр болып отыр.

– Мьянма үкіметі қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз етуге, білім алуға, жұмысқа орналасуға, денсаулық сақтауға және тұрақты ұзақ мерзімді өмір сүруге мүмкіндік бермей, қажетті жағдайлар жасау процесін жеделдетпегенше, рохинджа-мұсылмандарының Ракхайн штатына қайтуы мүмкін емес, – деп Қазақстанның өкілі атап өтті

. Қазақстан Бангладеш үкіметінің босқындарға көмек көрсету жөніндегі күш-жігерін, оның ішінде оларды тұрғын үймен, дәрі-дәрмектермен, азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуін жоғары бағалап, БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді, халықаралық ұйымдарды осы елге және рохинджа босқындарына қажетті қолдау көрсетуді жалғастыра беруге шақырды

. Үстіміздегі жылдың сәуір айында Қазақстан Үкіметі Бангладештегі Кокс-Базар қаласының маңындағы аумағында орналасқан рохинджа босқындарына 500 мың доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетіп, оны олар тұратын жерлерге жеткізді.

Асқар Алтайұлы

.aikyn.kz/

 

[:]