АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Үрімжі-Зайсан автобусынан 10 келіден астам заңсыз дәрі-дәрмек табылды[:]

[:kz]

Шекарашылар Үрімжі-Зайсан бағытындағы автобустан 10 келіден астам дәрі-дәрмек тәркіледі, деп хабарлайды Алтайньюс.

Оқиға 30 қарашада Майқапшағай кеден бекетінде болған.

– Тексеріс барысында анықталғандай, 1983 жылғы Қазақстан азаматының қолындағы 

 

сөмкесінде қытайда шығарылған дәрі-дәрмек болған. 116 қаптамадағы медикаменттің салмағы 11,4 келі шығарған, – деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз хатшысы.

Дәрі-дәрмек актіленіп, Майқапшағай кеден бекетіне тапсырылды.

qazaquni.kz

[:]