АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда алаяқ әйел ұсталды[:]

[:kz]

Оңтүстік Кореядан жұмыс тауып беруді уәде етіп, алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматының 29 жастағы тұрғыны Диана Құрманова іскер жұмысберуші кейпіне еніп, азаматтарды алдаған. Ол шетелден жұмыс тауып беремін деп ақша алып, тығылып жүрген. Бұл дерек бойынша Медеу аудандық ІІБ мамандары сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. «Күдікті Оңтүстік Кореядан жұмыс тауып беру туралы хабарландыруын Оlx.kz сайтында жариялап отырған. Оған бірқатар адам хабарласып, Оңтүстік Кореяда жұмыс істегісі келетінін айтқан. Ол қоңырау шалғандармен кездесіп, журналдар, суреттер көрсетіп, шетелдегі керемет өмір мен мол табысты айтып қызықтырған. Ол жақта күніне 80 доллар беретін жұмыс бар екенін айтқан», — деді Медеу аудандық ПБ басшысы, полиция майоры Болат Тотыбаев. Оның айтуынша, алданған адамдар жұмыстарынан шығып, күдіктіге ақша беріп, жолға жиналған. Шын мәнінде ол әйел алаяқ болып шықты. Ол журналдар мен суреттерді Интернеттен жүктеген, өзі ешқашан Оңтүстік Кореяда болмаған. Ақшаны алғаннан кейін телефонын өшіріп, қашып кеткен. Күдікті әйел «клиенттерінің» бірінен 1 миллион 400 мың теңге алыпты. Медеу аудандық полициясындағылар Құрманованың қылмысы салдарынан зардап шеккендер болса мына байланыс номерлеріне хабарласуды сұрайды: 254-48-02; 8-702-619-99-97 немесе 102

jasqazaq.kz

[:]