[:kz]
28 желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путин кәмелеттік жасқа толмағандарды рұқсат етілмеген наразылық акцияларына, шерулерге тартқаны үшін әкімшілік жаза шарасын енгізу туралы заңға қол қойды.
Заңда жасы 18-ге толмағандардың қатысуымен өткен рұқсат етілмеген көпшілік жиындарды ұйымдастырған азаматтарға 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамау жазасы және 50 мың рубль (720 долларға жуық) айыппұл салу қарастырылған. Дәл осындай әрекеті үшін енді лауазымды тұлғаларға 100 мың рубль (1 140 доллар), заңды тұлғаларға— 500 мың рубль (7 200 доллар) айыппұл салынады.
Ресейдің түрлі қалаларында соңғы бірнеше жылда үкіметке қарсы шерулерге, соның ішінде оппозициялық саясаткер Алексей Навальный ұйымдастырған қарсылық акцияларына мыңдаған жасөспірім қатысқан.
Заң жобасы авторларының мәлімдеуінше, бұл құжат балалардың өмірі мен денсаулығына зиян келуден қорғауы тиіс.
Жыл басында Ресей президенті Владимир Путин қауіпсіздік органдарына жастарды рұқсат етілмеген шерулерге тартатын топтардың әрекетіне «батыл тойтарыс» беруді тапсырған.
[:]