АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сорпа дауы: Ата-ана кешірім сұрап, моральдық шығынды өтейді[:]

[:kz]

 

Ата-ана әрі ұстаз Айгүл МҰҚСАНОВА facebook.com әлеуметтік желісіндегі «Қазақстан ұстаздары» тобында жазған жазбасының шындыққа жанасатынын сотта дәлелдей алмады. Жалғыз басты ана былтырғы жылдың 19 қазанында Атырау облысына қарасты Миялы ауылындағы Халел ДОСМҰХАМБЕТОВ атындағы мектептің асханасында оқушыларға берілтен сорпаны сынап пост жазған-ды.

«Мектебіміздің ыстық тамағы! Дамыған отыз елдің қатарына қосылу табалдырығында тұрған түрісіз. Вегетарианский суп деп қояды. Балалар тек кусок нанды жеп кетті. Вегетарианский суптары помойға кетті солайымен».

2009 жылдан бері оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етіп келе жатқан кәсіпкер Меруерт НҰРМАҒАМБЕТОВА сотқа шағымданған болатын. Талап қоюшы жауапкерден әлеуметтік желіде жазғанын шындыққа сәйкес еместігін тану және сол желіде кешірім сұрауды талап етті. Және жауапкердің 22 қазан 2018 жылғы заңсыз әрекеті негізінде кәсіпкердің жоғалтқан 32800 теңге табысын өндіру, моральдық зиян 2 768 900 теңгені өтеуді сұраған. 

Судья Аятжан ДОСМҰХАМБЕТОВА куәгер ретінде аталған мектептің мұғалімі, П. Мадиярова, А. Байбатырова, бас аспазшы С. Бисенова т.б сөз берді. Жауапкер Айгүл Мұқсанова өз постында жазған сорпаның солайымен жуындыға кетіп жатқан растайтын дәлелінің жоқтығын сот отырысында айтқан.

Қысқасы, судья жауапкер А. Мұсановаға әлеуметтік желіде кәсіпкер М. Нұрмағамбетовадан кешірім сұрауды міндеттеді. Сондай-ақ, 2 738 900 теңгенің орнына 30 мың теңге көлемінде моральдық зиян келтіргені үшін төлеуді жүктеді.

zhasalash.kz

[:]