[:kz]
Марқұмның әкесі төбелес тарқағаннан кейін ұлының мәйітін өзі тауып алып, алған жарақаттарын бірінші болып өзі көрген
31 желтоқсан күні Қарағандыдағы «Древний Рим» мейрамханасы қасында болған төбелесте қайтыс болған Рақымжан Жансейіттің әкесі мен сол кезде марқұмның қасында болған досы оқиғаның қалай болғанын баяндап берді, деп жазды 31 арна.
Марқұмның әкесі Бақытжан Жансейітов төбелес болып, шуға қатысқандар тарқап, полиция өз ізімен кеткеннен кейін ұлын өзі іздеген. Үш сағат бойы бауыр еті баласын іздеген әке ұлының достарымен бірге оның денесін таңғы 06:30 шамасында мейрамханаға жақын жерден тапқан.
«Мейрамхана күзетшілері келген полицейлерге оқиғаның болғанын айтқанымен қатысушылар дін аман тарқасты деп қайтарып жіберген. Баламның мүрдесін тапқаннан кейін полицияны өзім шақырттым»,-дейді Бақытжан Жансейітов.
Рақымжан басқа көлікпен келгендіктен Мадияр үш жерден пышақ жарақатын алса да өзі келген көлікпен қашып үлгеріпті. Тіпті ауыр жарақаттан көлік ішінде есінен танып қалған. Емделіп жүрген Мадияр ІІМ таратқан ақпаратпен мүлде келіспейтінін айтады.
«Қазір жалған ақпарат таратылып жатыр. Біздер достарымызбен бірге онда арнайы төбелесу үшін дайындалып барған жоқпыз. Қолымызда қаруымыз да болған жоқ. Тергеу жұмыстары істі қараған кезде сол маңдағы камералардан байқайтын шығар»,-дейді Мадияр.
Ал марқұмның әкесі болса ұлының төрт жеріне пышақ сұғылып, аяғына жарақаттайтын шолақ мылтықтан оқ атылғанын айтып отыр.
kyn.kz
[:]