АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Айсәуле Бақытбек той көйлегін Парижден алғанын айтып мақтанды (фото)[:]

[:kz]

  1. Айсәуле Бақытбек қазіргі таңда өміріндегі ең маңызды күнге қызу дайындық үстінде. Жақында ұзатылатын бойжеткен бар шаруаны шетке ысырып, той көйлегін іздеуге кіріскен. Тіпті, ол үшін шетел асып, Парижден бірақ шыққан, деп жазады Stan.kz.
  2. “Той көйлегін таңдау үшін Парижге келдік”, – деп қызықтырды Айсәуле.

    Алайда ол таңдап алған көйлегін көрсетпеді.

    Сол сияқты Баян Алагөзова да аталған жайтқа қатысты өз оқиғасымен бөлісті.

    “Менің қызым шынайы егіздер сияқты 10 мәрте звондады, ол кезде кинода едім, елдің бәріне кедергі келтірдім. ақырында көйлегін таңдады, бірақ суреттегі емес. Әлемдегі ең сұлу қалыңдық болады. Таңдаған көйлегі өте әдемі”, – дейді Баян Мақсатқызы.

    Желі қолданушыларының бірі Айсәулеге бақыт тілеп, екіншілері бір көйлек үшін Парижге барғаны үшін сынға алып жатты.

    “Той көйлегін қайдан алғаны маңызды емес сияқты, Париж бе, әлде Қазақстан ба, ең бастысы бақытты болғаны”, – дейді оқырмандардың бірі.

    “Парижге барғаныңды айтудың не қажеті бар? Отбасыларыңмен мақтанғанды ұнатасыңдар. Ең бастысы, өзің бақытты бол. Бақыт тыныштықты қалайды”, – деп кеңесін берді екіншісі.

    Айта кетейік, Айсәулеге 2018 жылдың желтоқсан айында сырға салынған болатын. Айсәуленің сүйіктісі өзі бірнеше жылдан бері кездесіп жүрген жігіті. Әлішер есімді жігіт кәсіпкерлікпен айналысады. Қос ғашық біраз уақыт шетелде бірге тұрған. Ал Айсәуленің болашақ енесі еліміздің бас онкологі болып шықты.

    stan.kz

[:]