[:kz]
Журналистің анасы: Енді Қарақат осыны пайдаланып қайырымды бола қалыпты.
Төрт жасар қызының көзінше лифтіге қысылып қайтыс болған журналист Айзат Әбдісаматтың енесі әнші Қарақаттың ел алдында қайырымды көріну үшін жалған ақпарат таратып отырғанын айтты.
Ананың ренжігені әнші халыққа мейірімді көрініп түрлі дүниелерді жазғанымен, расында іс жүзінде мүлде басқа адам екеніні айтқан.
«Ақтөбеден марқұм Айзаттымның жолдасы Қайрош пен қызы Іңкәр Астанаға апаларын іздеп келіпті. Алтындарым-ау, жан түршігерлік жағдайды бастарынан өткізгендеріне бір жылға жуық уақыт өте шыққан екен.
Көз алдында анасымен болған жан түршігерлік жағдайды үлкен адамдарша айтып отыр. «Мамамның аяғын лифт қысты да ол ұшып кетті» дейді. Жарығым-ау, жазмышқа не дерсің?
Жаратушы иеміз жарылқасын. Ақтөбеге барсам бір іздеп барамын деп отырғанда өздері келіп қалғанына ішім жылып қалды. Біраз шер тарқатып аяулы жанның асыл бейнесін есімізге алып, артында қалған қызына қарап «Шүкір» дедік»,- деп жазған Қарақат өзінің желідегі парақшасында.
Міне осы жазбадан кейін қарапайым халық әншінің мейірімділігі мен адамгершілігін айтып, кішкентай Іңкәрға бақыт тілеп жатты. Мұны көрген марқұм Айзаттың анасы (енесі) әсілінде шындық басқада екенін ашып жазған.
» Менің ұлым Астанаға жолдас балдарын іздеп барғаннан кейін кіріп шыққан. Соны пайдаланып, қайырымды бола қалыпты ғой (Қарақат Әбілдина)»,-дейді Айзаттың анасы.
Осы жазбадан кейін көпшілік Қарақаттың жақында ғана Ақтөбеге барып өнер мектебін ашқанын жазған.
Материал kyn.kz тиеселі
[:]