АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ер адам атқа мінген күйінде дүкенге кіріп келді (видео)[:]

[:kz]

 

Қырғызстанда ер адам дүкенге атқа мінген күйінде кіріп келді. Анықталғандай, 39 жастағы жергілікті тұрғын бұл кезде мас болған. Ол өз әрекеті үшін өкінетінін жеткізді, деп жазады Stan.kz.

Оқиға Қырғызстанның Тоқмақ қаласында орын алған. Ішімдіктен ұрттап алған ер адам ат үстінде отырған күйінде дүкенге кіріп келді. Бұл оқиға түсіп қалған видео желіде тарап кетті.

Sputnik Қырғызстан мәліметінше, атпен дүкенге кірген 39 жастағы жергілікті тұрғын екен. Ол артынша өз әрекеті үшін өкінетінін айтты.

Десе де оның үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, 5,5 сом (30 мың теңгеден аса) көлемінде айыппұл салынды.

 

 

Источник: Stan.kz

  •  

 

[:]