АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Жұма мүбәрәк» деп селфи жасай бермей қазақ қыздары үшін де дұға қыл[:]

[:kz]

 

 

Жартылай жалаңаш қыздарға «ұят-ай», «позор», «масқара, сайқ*л» деп жазған сайын олар керісінше қастасып одан да бетер шешіне түсетінін байқайсың ба? Пайдаңды тигізем де зияныңды тигізіп жүрсің. Өтірік ұлтқа жаның ашыған болып, иманды екеніңді жұртқа жария еткің келіп, шыдай алмай сол қыздарға күйе жақтың. Содан тек жексұрын ғана болдың. О қыздың рейтингі артты, жазылушылары көбейді.

Шын жанашыр болсаң әлеужелі аңдымай өз қызыңды тәрбиеле, қарындасыңды қадағала, жақыныңа түсіндіруге тырыс. Мешітке барсаң «Жұма мүбәрәк» деп селфи жасай бермей қазақ қыздары үшін де дұға қыл. Нәтижесін Құдай куә, кейін көресің. Жоқ, сендер оған шыдамайсыңдар. Мақсаттарың – бүгін періште болып көрініп, ұпай жинау. Надандығыңды бос айғаймен бүркемелеу. #Қыртсыңдар. 

Абай Сейфуллаулы

facebook.com

[:]