АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Астаналық кәсіпкер қымбат көліктен бас тартып, көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады[:]

[:kz]

Белгісіз кәсіпкер қымбат көліктен бас тартып, Астанадағы көпбалалы жанұяға баспана сыйлады. Соған қарағанда, елордада бес қыздың өмірін жалмаған қайғылы оқиған кейін бастау алған жақсылық эстафетасы өз жалғасын тауып жатқан секілді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көпбалалы отбасыға пәтер кілтін табыстаған бизнесменің жомарттық танытқаны туралы тұрғын үй кешендерінің бірінің Instagram желісіндегі парақшасында белгілі болды.

Ер адам Астана маңында бір бөлмені жалдап тұратын жалғызбасты ана Жанар Үзденбаеваның баспана мәселесін шешіп берген. Алайда елордалық кәсіпкер өз аты-жөнін жария етуден бас тартыпты.

Жазба авторларының сөзінше, бизнесмен қымбат көлік сатып алуды армандап, бастапқы төлемдерін жинап та үлгеріпті. Бірақ күллі елдің қабырғасын қайыстырған оқиғадан кейін ол автосалонға берген ақшасын қайтып алып, көпбалалы жағдайы жоқ отбасыға үй алып беруді жөн көрген.

3 бөлмелі пәтерге 17 миллион теңге жетпегендіктен компания 7 млн теңге қосып, Үзденбаевтар отбасы көктемде дайын баспанаға кіру үшін жөндеу жұмыстарын да өз мойнына алған.

«Маған бұл туралы хабарлағанда, мен бірден сене алмадым. Түсім шығар деп ойладым. Ал сату бөліміне алып келген кезде қуаншымда шек болмады. Бәрінен бұрын менің қыздарым бақытты. Ендің олардың өздері армандаған жеке бөлмесі болады. Баршаңызға және қол ұшын созған азаматқа үлкен алғыс білдіремін», — деп ағынан жарылды Жанар Үзденбаева.

Үйлі болған әйел жалғыз өзі алты баланы асырап отыр. Ал күйеуі қайтыс болған. Ең кішкентайы 3 жаста болғандықтан, жанұяда бірқалыпты кіріс көзі жоқ.

Жанар Үзденбаева 100 мың теңге көлемінде ақша алады екен, бұл — ай сайын берілетін әлеуметтік төлем мен мекенжайлық көмек.

«Күміс алқа» иегерінің айтуынша, қаржының басым бөлігі балалардың еміне кететіндіктен, аталмыш сомма аздық етеді.

kaz.nur.kz

[:]