[:kz]
Баян Алагөзова жақында қыз ұзатып, жап-жас ене атанбақ. Танымал продюсер бұл күндері тойға қызу дайындық үстінде. 45 жастағы продюсер ұзатылатын қызын қимай, қобалжып жүр, деп жазады Stan.kz. Онысы заңды да. Осыдан 23 жыл бұрын өзіне ана болу бақытын сыйлаған Айсәулесі жақында өзге табалдырықты аттамақ.
Бұл ретте Баян Алагөзова қызының сәби күніндегі естеліктерімен бөлісуде. Баян Мақсатқызы Айсәуленің екі айлық кезіндегі суретін жариялады. Бұған қарап, желі қолданушылары анасының ұзатылатын қызын қимай жүргенін аңғарды.
«Біздің балаларымыз үлкен өмірге қадам басқанда, біз аналар олардың бала кезін сағына бастаймыз. Мен де соңғы кезде тұңғышымның фотоларын көп қарап жүрмін. Ең бастысы, балаларымыз бақытты болсын», — дейді желі қолданушыларының бірі.
«Ана жүрегі оның балақайының есейгенін, тұрмысқа шығатынын мойындағысы келмейді. Алда жауапкершілікке толы үлкен өмір күтіп тұр. Балалық, жастық шақ осымен аяқталады, қызың үшін алаңдайсың әрине, оның туған күнінен бастап бүгініне дейін көз алдыңда тұрады», — деп пікір білдірді екіншісі.
stan.kz
[:]