[:kz]
Перзентxанада екі келіншекпен етене сөйлесіп кеттік. Екеуі екі мәселенің басын «шалып» кетті…
Біріншісі — 37 жастағы әйел. Күйеуі жаңа туған нәрестесінің есімін Ариана деп қойыпты. «Әдемі есім емес пе?» деп келіншек мәз. Еріксіз басымды изедім де ұят болса да: «Мағынасы қандай?» деп сұрадым.
— Ариананы білмейсіз бе не?
— Танымайды екем…
— Ой, оны әлем таниды ғой. Күйеуім соның фанаты!
Әлем таныған Ариананы білмегеніме қарадай қысылдым. Әлгі келіншектен тығылып, өмірі мен өнерімен танысып шықтым… да… америкалық актрисаның қазақтың қызына қатысы қанша деп ойландым…
Екіншісі — жап-жас. Тұңғышын дүниеге әкелген бойжеткеннің еркелігі ет жақындарынан бұрын мені мезі етіп жіберді. Босануға «серігі» ретінде күйеуін кіргізген. Ана байғұс жігіт әйелін қолтықтады да жүрді. Асты-үстіне түсіп, бәйек қағып, айналып-толғанып… 23-ке де толмаған бойжеткен кейіннен маған: «Босанудың қаншалықты қиын екенін еркектер өз көздерімен көріп, бізді бағалаулары керек!», — деп «ақылын» айтты.
Өзімді бұрын-соңды соншалықты «отсталая» әрі ақымақ сезініп көрмеппін()
Бану Әділжанова
Фейсбуктегі парақшасынан
[:]