АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Өзге елдің қайыршысына дейін бақытты![:]

[:kz]

 

 Германияның қайыршыларына бөлінетін жəрдемақы Ресей дəрігерлерінің жалақысынан 6 есе көп дейді. Мұны естіген құрбым менің күнім күн емес екен-ау деп күңірене берген. Бұл — қазақстандық дəрігер.

 

Франкфурт кеші. Тым көрікті. Айнала самаладай жарқ-жүрқ. Көздің құрты дерсің. Əрлі-берлі ағылған адам. Ешкімнің ешкімде ісі жоқ. Əркімнің өз шаруасы өзінде.

Жер асты өткеліне түсер тұс. Ананы қара! Астында — тоқымдай картон. Ынта-шынтасымен кітаптың қызығына берілген үйсіз иетеллектуал. Үйсізбін деп отырған ол жоқ. Аса бақытты көрінді. Үсті-басы мұнтаздай. Осындай өмір оның өз қалауы. Уайым-қайғысыз өмір. Не ішем, не кием демейді. Коммуналдық қызметтер ақысын ойлап бас қатырмайды. Жаурап бара жатса жер асты өткелі əне тұр. Мұның не дейтін тірі жан жоқ. Полиция қорғайды. Өйткені ол осы елдің азаматы. Шекесінен шертіп көр, не істер екен саған полиция! Қалаған уақтында кірлеген киімін тастап, тазасына ауыстырып киетін арнайы орын тағы бар. Тегін. Мемлекеттен алатын жəрдемақысы — өз алдына. Жұмыс істеп ақымақ па?

 

Əуелдем мына қызықты қара! Əлгінің алдында — үш тостақ. Бірінің сыртында «тамаққа» деген жазу бар. Екіншісінде — «сыраға», үшіншісінде — қалай айтсам екен, а?..) Ол да еркек кіндік емес пе… Түсінерсіздер…) 

Əрлі-берлі өткендер əлгі үш тостақтың біріне тиын-тебен тастап кетіп жатыр. Бақсақ, əй Алла-ай, ана үшінші тостақ толуға жақын! Еркек атаулы сол тостаққа иілуде. Оның бүгін «қызыл шамды» көшедегі бір думанның құрметті қонағы болары сөзсіз:)

Қойшы, əйтеуір осы көрініске көз тойдырған дəрігер құрбым Германияда қалып қайыршы болам деген нық байламға келді:)

Франкфурттен Мюнхенге, одан Гамбургке келіп бір танысымыздың үйіне тоқтадық. Дəп сол күні Қазақстанда саяси өзгеріс болды. Саяси сауатты құрбым күйіп-пісіп жүр. Бəрібір ештеңе өзгермейді деп. Өзге елдің қайыршысына дейін бақытты! Үй иесімен қоса аздап жүзграмдатып та алды. Мен күнделікті əдетім бойынша жазуға отырдым. Ана екеуі əйдə кеп саясатты сапыруда. Мен отырған бөлменің есігі ашық. Бəрі естіліп-көрініп тұр. Көп ішіп қоймаңдар-ей, деп қоям анда-санда.

Бір уақта қарасам құрбымның шаруасы бітіп қапты!)) Жанары тұманданып, тілі күрмеле түскен. Шайқала басады. Жарым түнде есік алдына шығып, таза ауамен тыныстамақ. Балконға шығып-ақ тыныстасаңшы таза ауамен десек болмайды. Жəне жалғыз өзім шығам дейді. Мынаны жын ұрайын деген шығар деп, ал кеп күйіп-піс! Көнетін түрі жоқ. Осы жаққа келер жолда, поезда отырып қалайда Гамбург трансвистерінің театрын көруім керек деп айтқаны есіме түсті. Енді міне, қызып алып, трансвиститтер театрын іздеп кете ме құрсын деп зəре-құтым жоқ!) Қой дегенге болмай, қазір келем деп, қолына бір құты су алды да, құрбым сырқа шығып кетті.

Ертесіне құрбымның ішек-сілесі қатып күле отырып айтқаны.

Елдегі саяси өзгеріс жайлы əңгіме қыза түскен бір тұста күйіп кетіп, сораптап ішетін вискиден сіміріп-сіміріп жіберсе керек. Осында қалып, қайыршы болсам қайтеді, жəрдемақысы жақсы, Қазақстанда көрген күнім құрсын деген ғой. Үй иесі қайыршы бола алмайсың депті. Неге? Ол үшін осы елдің азаматы болуың керек. Азаматтық алу үшін алдымен бес жыл жəрдемақысыз қайыршы болуың керек.

Құрбымның үміті сөніп, тығырыққа тірелген жері осы еді:) Əй, атасына нəлет деп, алдында тұрған стаканды төңкеріп салған ғой:))

 

Жүрек айнып алып кетіп барады. Енді болмаса құсып жіберетіндей. Жуынатын бөлмеге барып лақылдатып жатқаны ұят қой! Далаға шығып жеңілдемек болады.

Ешкімді ертпей шығып кетуінің сыры осында екен:)

Үйді айнала салып, лақылдатпақ:) Қуыс па, қоқыс па, əйтеуір ластауға ыңғайлы жер іздемей ме?) Қайдан? Айнала самаладай жарқырап тұр. Төңерек тегіс мұнтаздай тап-таза. Оқта-текте лоқсыған аузын басып алып, бүгежеңдеп қоқыс іздейтін көрінеді:)) Жерге бір қарайды, аспанға бір қарайды, камера жоқ па деп. Ыңғайлы жерді тапсашы! Қараң қалғыр немістер, түкіретін жер де қалдырмапты-ау деп, зығырданы қайнап барады. Ыңғайлы жеп таппасына көзі жетті. Дəрігер емес пе, қалтадағы қара көмір түйіршіктерін үйден алып шыққан құтыдағы сумен итере бір уысын асап- асап жібереді.

Шыдамадым. Құрбым қайыршылармен қосылып, түнгі Гамбург көшелерін кезіп кететіндей көрінді. Үй иесін артынан жібердім. Өң жоқ, түс жоқ. Бозарып-қуарған. Бір уақта құрбым үйге кірді.

PS: Күйікке салынса ішуді білмейтін адамның өзінің маскүнемге айналып кетуі қиын емес екен-ау!)

Фейсбуктегі парақшасынан

alashainasy.kz

[:]