[:kz]
Қыз пәктігін дүйім жұрттың көзінше талқыға салып, артынша аяусыз сынға ұшыраған бағдарламаға қатысты тың мәліметтер белгілі болды. «Өз ойымда» бұған дейін қызмет еткен жастар жобаның жұмысына қатысты бар шындық пен былықтарды жайып салды. Бұл ақпаратты олар Нұрболхан Шараповқа айтып берген деп жазады Youtube желісіндегі Nursultan Qurman арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Нұрболхан Шарапов өз сұхбаты барысында атышулы бағдарламаның бұрынғы қызметкерлері айтқан жайттарды баяндап берді.
«Бұл бағдарламаның командасы ауыспайды. Егер ауысатын жағдай туып, біреу шығып кететін болса, команданың арты ашылады. Дәл сол «Өз ойымнан» шығып кеткендер жазды ғой маған.
«Мен сол жерде істегенмін» деп. Енді журналист болмаса, координатор және администратор болып істегендер жазып, менің позициямды қолдады. «Сіздікі дұрыс, мен ол жерде істедім. Қонақ жөнінде координатор болдым» деп жазды.
Ол жерде редакторларға төрт қонақ беріледі. Өлдім-тірілдім дегенде төрт қонақ табу керек екен.
«Біз шыдай алмайтынбыз. Әр бағдарлама сайын мойнымызға осындай қонақтарды артып қоятын. Сол себепті, біз кәдімгідей іздейміз» дейді.
Олар Instagram ақтарады. Кім шешініп отыр, соларды іздейді. Оған бір-екі күн бойы жазады. «Өз ойымға» сұхбат беруін сұрап, алайда позициясын тек шақырып алғаннан кейін бір-ақ айтады екен.
«Сен осылай айт, саған тіркелушілер көп болады. Күшті боласың. Келіссең қол қой» деп қол қойдыртып алады. Ол өз еркімен шыққанына қол қою керек. Ертең каналға ешқандай претензия болмас үшін. Жарайды, шықты. Шыққан соң, жүргізушілер басқа сұрақ дайындап отыр. «Сені үш рет зорланды» дейді ғой дегенде, шыққан қонақ шок болады» , — деді Шарапов.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрболхан Шараповтың «Өз ойым» бағдарламасына не себепті шүйліккенін жазған болатынбыз. Оған қоса, әзілкеш жобада пәктігін сатпақ болып рөл сомдаған қызды оқудан шығарып жібергенін мәлімдеген.
[:]