[:kz]
Бір таныс құрдасым телефоныңды бере тұршы үйге қоңырау соғайын, бірлігім бітіп қалыпты дегенге телефонды қолына ұстата салмаймын ба))
Телефонда Getcontact деген приложениесі бар болатын. Менің телефонымда сақталмаған адамның аты-жөнін көрсететін. Ол әйелінің номерін теріп қоңырау түймесін басса «Жанаргүл билайн» деген жазу шығады ғой. Содан сен менің әйелімді қайдан танисың, номерін неге сақтап қойғансың, билайн дит еще, ізнәшит активі де бар болды ғой деп қанымды ішті ғой)))
Өзі сенсор телефонды тіпті түсінбейтін еді. Қасыма білетін біреуді шақырып, екеулеп осындай программа бар, сенбесең кез келген номер айт кім екенін тауып берем деп, іс жүзінде дәлелдеп әрең құтылдым..
Телефон сұраған адамға мә деп бере салмаңдар, кім білед, сол жерде таяқ жеп қалуларың мүмкін…
Есет Калманов
Фейсбуктегі парақшасынан
[:]