АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ержан Максимнің анасы жұрттың бәрі ұлына не үшін күлгенін айтты[:]

[:kz]

Ресейдегі «Голос. Дети» байқауына қатысып, екінші орын алған Ержан Максимнің анасы Гүлмира Әлібек баласы мен жоба дауына қатысты өз пікірін айтып берді деп жазады Аман Тасығанның «Talk Like» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 

Ержанның анасы ұлының бойындағы дарынды қай кезде байқап бастағанын да жасырмай баяндап берді.»Ержанның бойындағы музыкалық таланты үш жасынан бастап байқалады бастады. Достарымыз, жақындарымыз де айтатын. Жолдасым 40 жасқа толғанда, Ержан бесте болды. Тойда «ана мен әке туралы екі ән айтып берейінші» деді. Кішкентай болғаннан кейін «шатасып кетер» деп, алдын — ала «плюс» жаздырайық дедік. Бірақ ол «жоқ, мен өзім айта аламын» деді. Әнді ортаға шығып минуспен айтқанда, еш қысылмады.

Әке туралы әнді тербеліп тұрып, еркін әрі таза орындап берді. Сол жердегі музыканттар келіп, Ержан «плюспен» айтып тұр ма, әлде «минуспен» айтты ма деп сұрады. Менің айтқаныма сенбей, қайта тыңдап… Бәрі таңғалып, Ержанды вокалға апаруға кеңес берді. Сол кезде шешім қабылдадық», — дейді Гүлмира Әлібек.

Осы мерейтойдан бір-екі күн өткенде Ержан Максимді анасы мен әкесі мәдениет үйінің ән үйірмесіне алып барған. Ондағы педагогтар кішкентай баланың ән орындауына таңғалған.

«Олар «Балдәурен» деген байқау өтеді, қатыстырып көрейікші» деді. Біз балаларға арналған оңай әндерді ұсынсақ, Ержан оларды ұнатпады. Ұлымыз «Туған ел» деген күрделі әнді таңдады. Ол кезде Ержан әріп те танымайды. Тыңдап отырып, сөзін жаттап, сол байқауға қатысып, екінші орын алды. Осындай қиын әнді сахнадан да көрінбейтін кішкентай бала өз тональностынан шықпай, созып орындағанда, жұрттың бәрі күлді. Бірақ өнеріне тәнті болып, қол шапалақтады. Осыдан кейін облыстық, республикалық байқауларға қатыстық. Бірте-бірте шыңдалып, осындай деңгейге жетті», — деп ағынан жарылды Гүлмира Әлібек. 

  

[:]