АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Парадқа бара жатқан автобустың терезесіне тас жаудырды[:]

[:kz]

Украинада Кривой Рогтан алыс емес жерде жолда бір топ адам Жеңіс күнін мерекелейтін азаматтармен жүретін автобусқа тас атып, пиғылдарының дұрыс емсетігін білдірді. Бұл туралы  Facebook желісіндегі парақшасында Жоғары Раданың депутаты, «Оппозициялық блок»  партиясының мүшесі Александр Вилкуль жазды деп хабарлайды Qamshy.kzақпарат агенттігі.

«Балаклавада радикалды топтың адамдары  Жеңіс күнін тойлайтын адамдарға тас лақтырды. Бүлікшілер қоғамдық көліктің терезелерін сындырып, ізім-ғайым жоқ болып  кетті», — деп жазды ол.

Вилкульдің айтуынша, тергеу тобы істің анық-қанығына көз жеткізіп жатыр. Депутат тергеу барысын жіті қадағалап отыратынын атап өтті.

Автобусқа шабуыл жасаған адамдарды, «моральдық монстрлар» деп атады депутат.

 

«Балаклаваның артында жүздерін жасырып, зейнеткерлерге, балалары бар адамдарға шабуыл жасады, олар әлі-ақ осы істеріне өкініп, біздің халқымыздың нәсілшілдікті жеңген ерлігіне құрметпен қарайтын болады», — деп толықтырды сөзін Вилкуль. Ол елдегі тәртіпті қалпына келтіруге және «баскесер лаңкестерді» толығымен жазаға тартуды ұсынды.

2017 жылы бейсенбі күні, 9-мамырда Украина Президенті Петр Порошенко Украинаның соңғы бес жылда Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күнін тойлаудың өзінің еліне тиесілі сценарийін және рәсімін жасап шығарды, бұл дүние елді жалпы еуропалық дәстүрге жақындатты. Ол украиналықтардың «Кремль жеңісінен айырылғанын» атап өтті. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңісі бүкіл әлем бойынша «ауыртпалықты» жойғанын, халық қорқынышсыз өмір сүріп жатқанын атап өткен.

Аударған: Бек Байтас

«Қамшы» сілтейді

[:]