АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Араларында бірдеңе бар»: Қол ұстасқан Қайрат Нұртас пен Кәмшат Жолдыбаева жұртты таңқалдырды (видео)[:]

[:kz]

Қол ұстасқан Қайрат Нұртас пен Кәмшат Жолдыбаева жұртты таңқалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде Кәмшат Жолдыбаева мен Қайрат Нұртастың қол ұстасып, сахнаға шығып бара жатқан видеосы жарияланды. Бұл көрініс желіні шулатты. Балалы-шағалы Қайрат Нұртастың бұл қылығына ашуланған жұрт жарыса пікір жазған.

«Қолынан ұстап алыпты. Қайраттың әйелі көрсе сұмдық болады», «Қайрат, ұят-ай. Кәмшаттың қасында қалай жүрсің», «Алла қосқан жары әдемірек», «Саусақтарымен аймаласып жүр екеуі», «Не қылық жасап жатқанын ойлап тұрған жоқ», «Араларында бірдеңе бар сияқты»- деп жазды жұрт.

Осылайша отбасы бар әншіге жабысқан Кәмшат Жолдабаева тағы да сынның астында қалды.

Stan.kz

[:]