АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Нұр-Сұлтанда елорда күніне арналған мерекелік отшашудан бас тартылды[:]

[:kz]

Нұр-Сұлтан қаласында елорда күніне арналған мерекелік отшашудан бас тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл елорда күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында шамамен 108 іс-шара өтеді, оның 80-нен астамы тегін. Ерекшелігі — қазіргі бағдарламасы әлеуметтік бағытқа арналған және көрермен кɵп қатысады деп жоспарланып отыр. 

«Астана күнін мерекелеу аясында өтетін ақылы концерттер мен театрландырылған қойылымдардың билеттерін сатудан түскен қаржы қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады. Концерт ұйымдастырушылары билет сатудан түскен қаржы Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына арналған көмек қорының шотына аударылатынын айтты», — дейді әкімдіктегілер.

Сонымен қатар қала күні аясында Есіл өзенінің жағалауында, Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы саябақта, «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының аумағында жоспарланған мерекелік отшашу өтпейтiн болды. 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасын мерекелік отшашулардың демеушілері қолдап, арнайы қарастырылған қаржыны Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету қорына аудармақ.

Еске сала кетсек, биыл елорда күнін мерекелеу шығын үш есе қысқартылды.

 

[:]