[:kz]
Танымал тележүргізуші, білікті журналист Дана Нұржігіт отбасылық жағдайын баяндай отыра, қандай опасыздықты көргенін айтты. Баласын жанкештілікпен өмірге әкелгенін, алайда жолдасы соған қарамастан сатқындық жасағанын жасырмады.
Дана Нұржігіттің айтуынша, ұзақ уақыт сәби сүйе алмағандықтан балалы болудың жолын көп іздеген. Әулие-әмбие жағалап, небір дәрігердің алдынан өткен. Ақырында ЭКО жасатуға шешім қабылдаған. Оның өзі қиындық тудырғандықтан, 11 рет осы тәсілге жүгінген. Бірінші жолдасы Владимир Рерих осындай қиындықты бірге өткергенімен, опасыздыққа жол берген.
«ЭКО ер мен әйелдің торларын жатырға салып беретін тәсіл. Қалғаны Алланың қалауымен болады. ЭКО жасатуға келгендер арасында шалдың қасында жүрген жас қызды да, баласымен жасты адаммен бірге келген кәрі әйелді де көрдім. Оқу оқы, жұмыс істе деп кәрі қыз атандырған қызын ата-ананы да көрдім. Ешкімгі сөккім келмейді. Өмір ғой. 11 рет ЭКО жасатып, баламды өмірге әкелгенде, осының бәрінен бірге өткен күйеуім сатқындық жасады. Ту сыртымнан келген опасыздық болса түсінер едім, жанында жүрген адамың сатып кеткені тіпті қиын. Бұны көп әйел бастан өткергенін білем», — деді тележүргізуші парақшасында.
Айтуынша, 8 айында өмірге келген сәбиі шала туғандықтан әлсіз болған. Ұзақ уақыт дәрігердің қадағалауында, аппаратпен жатқан.
«Баласын тастап кететін кейбір ұрғашылар бала тууды кіші дәрет сындырғанмен тең көреді.Олардың баласы өзіне ешкім қарамайтынын біліп, басқаша жылайды. ЭКО қызметіне зәру емес адамдар қандай бақытты», — дейді ол желідегі парақшасында.
Тележүргізуші бірінші күйеуі Владимир Рерихпен ажырасып кеткен еді. 2017 жылы теңіп тауып, екінші рет тұрмыс құрды. Тележүргізуші шымкенттік Мұрат есімді бизнесменмен шаңырақ көтерді.
stan.kz
[:]