[:kz]
Тележүргізуші, сценарист Марат Оралғазиннің әлеуметтік желіде даяшымен әзілдескен видеосы тарап, көпшіліктің көңілін көтерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Кадрдан белгілі тележүргізушінің банк терминалымен сөйлесу арқылы даяшымен әзілдескенін, оның әрекетіне достарының ішек-сілесі қатып күлгенін байқауға болады.
Мұны көрген желі оқырмандары «тамаша», «рақаттанып күліп алдым», «әдемі әзіл», «өте керемет» деген сынды пікірлер қалдырды.
Арасында Марат Оралғазиннің әрекетін «ерсі» деп бағалағандар да болды.
[:]