[:kz]
Қаланың көптеген аудандарында байланыс құралдары мен мобильді интернет әлсіз істеп тұр
Бүгін еліміздің оңтүстік астанасында электр энергиясы сөніп қалды деп хабарлайды Qamshy.kzақпарат агенттігі.
Қаланың көптеген аудандарында байланыс құралдары мен мобильді интернет әлсіз істеп тұр.
Тұрғындардың айтуынша, Алмалы, Медеу, Жетісу, Түрксіб, Бостандық және Әуезов аудандарында электр қуаты сөніп тұр.
Көше қиылыстарында бағдаршамдар жұмыс істемейді. Патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысын реттеуде.
«Қаланың тоқтан ажырағаны туралы ақпарат түскенен кейін патрульдік полиция Алматының бүкіл көше қиылыстарына жол қозғалысын реттеуге шықты. Бірінші кезекте орталық магитралі, одан кейін басқа көшелерде бекеттер қойылды. Қазіргі кезде, 400-ден астам патрульдік полиция қызметкері жұмыс істеуде. Қалада жағдай қалыпты», — деді Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.
[:]