АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Германияда дүниеге келген актер «Қазақфильм» киностудиясының президенті болды[:]

[:kz]

 

 

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті қызметіне танымал актер Арман Асенов тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
Фото: brod.kz

Фото: brod.kz

 

Арман Асенов «Қазақфильм» киностудиясының жаңа басшысы атанды. Осыған дейін бұл қызметі Бақыт Қайырбеков атқарған.

Асенов 1972 жылы 17 сәуірде Германияның Веймар қаласында дүниеге келген.

Ол — актер және продюсер.

2017 жылдың 6 қаңтарынан бүгінге дейін «Республика алаңы» ЖШС директоры болып қызмет еткен.

1995-2000 жылдары «Қазақфильм» АҚ продюсері қызметін атқарып, киностудияда түрлі қызметтерде болған.

Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты.

Бірқатар мемлекеттік және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

 
  

[:]