АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Арыста үйдің қақпасын ұрлап кеткен азамат ұятқа қалды (фото)[:]

[:kz]

Арыста белгісіз біреулер үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, ауладағы қақпаны ұрлап кеткен. Бұл туралы қала тұрғыны учаскелік инспекторға хабарлаған деп жазады Newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 

Фото: Newtimes.kz

Фото: Newtimes.kz

Аталған факті Арыс Полиция бөлімінің Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіміне Қылмыстық кодекстің «ұрлық» бабы бойынша тіркелген.

Қылмысты ашу мақсатында полиция бөлімінде арнайы топ құрылып, жедел шаралар жүргізілді. Олар металл қабылдайтын нүктелерді тексеріп шықты.

Нәтижесінде, Арыс полицейлері қақпаны металл қабылдайтын нүктелердің бірінен тауып, оқиғаның мән-жайын анықтады.

Белгілі болғандай, жәбірленушінің үйінде ешкім тұрмайтынын білген күдікті автокөлік жалдап, көлік жүргізушісінен өзіне көмектесуін сұраған.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары күдіктіні екі күн ішінде өз үйінде қолға түсірді. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Ал заттай айғақ ретінде тәркіленген қақпа иелеріне қайтарылды.

Қазіргі уақытта сот алды тергеу амалдарының жиналған материалдары сотқа жіберілді.

 

[:]