[:kz]
Әлеуметтік желіде Алматы облысындағы биік үйлердің шатырында отырған балалардың видеосы пайда болды. Кадрдан бес жасөспірімнің ғимараттың шатырында жүргенін көруге болады. Оның жартысы отырса, қалғаны емін-еркін қозғалып жүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Видеоның нақты қашан түсірілгені және балаларының ісінен ата-аналардың хабары бар-жоғы белгісіз.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Алматы қаласында 10-шы қабаттың балконындааяқтарын салбыратып отырған балалардың фотосы пайда болғанын жазған едік.
Балконда қараусыз жүрген балалардың ата-аналарына айыппұл салынғанболатын.
[:]