[:kz]
Алматы облысында полиция қызметкерлері көпқабатты үйдің төбесінде ойнаған балалардың кім екенін анықтады деп жазады Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
8 бен 11 жас аралығындағы жеті баланың ата-аналарына әкімшілік жаза қолданылады.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін желіде Алматы облысындағы биік үйлердің бірінің шатырында отырған балалардың видеосы пайда болған еді.
Сондай-ақ, Алматы қаласында 10-шы қабаттың балконында аяқтарын салбыратып отырған балалардың фотосы пайда болғанын жазған едік.
Балконда қараусыз жүрген балалардың ата-аналарына айыппұл салынғанболатын.
[:]