[:kz]
Атырау тұрғыны қайынапасына жазған хабарламасы үшін айыппұл жазасына кесілді.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Атырау облысы Жылыой аудандық соты жергілікті тұрғынға қатысты әкімшілік істі қарады. Ол қайынапасына хабарлама жолдап, онда туысына бейәдеп сөздер жазып, «ар-намысына тіл тигізген», дейді соттағылар.
Айыпталушы сот отырысында өз кінәсін толықтай мойындады.
«Сот шешімімен азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-тармағына (Ұсақ бұзақылық) сәйкес кінәлі деп танылды. Оған 5 АЕК (12 625 теңге) көлемінде айыппұл жазасы кесілді», — дейді соттағылар.
[:]