[:kz]
26 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кепілсіз тұтынушылық қарыздардың бір бөлігін есептен шығаруды қарастыратын «Азаматтардың борыштық жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Халықтың кейбір бөлігінің қарызы өтелгенімен, қазақстандықтарды мазалайтын сұрақтар әлі көп. 7kun.kz солардың бірқатарына жауап береді.
2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша мына санаттағы клиенттердің кредиттері өтеуге жатады: 1) көп балалы отбасылар, яғни 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалар; 2) асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлем алатын отбасылар; 3) мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер; 4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар; 5) жетім балалар; 6) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмағандар.
[:]