АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]13 жасар қызына қайыр тілетіп қойған әке бағдарлама үстінде ұсталды (видео) [:]

[:kz]

КТК арнасындағы Астарлы ақиқат бағдарламасына бір үйдің төрт баласы хабарласып, аналары қайтыс болғаннан кейін әкелерінің басқа әйелдің етегінен ұстап кеткенін жайып салды. Алайда жанұясынан безген ер адам 13 жастағы қызын үйден ұрлап кетіп, сонымен бірге, барлық балаларынан бөлек тұрып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Бағдарламаға келген кәмелет жасқа толмаған балалар аналары ауырып, көз жұмғаннан кейін тірілей әкелерінен де айырылып қалғанын айтты.

Олар отағасының басқа әйелдермен сөйлесіп, балаларын мүлде ойламай кеткенін жайып салды.

«Басқа әйелдермен сөйлеседі. Ештеңемен көмектескен емес. Қорғаншыш ретінде қасымызда болса екен деп едім, бірақ келмеді.

Анам қайтыс болғаннан кейін мүлде жоғалып кетті. Өзіміз поляда жұмыс істеп күн көрдік, папамның әпкесі өзіне тартып, кейіннен жақтыртпаған соң, квартираға шығып кеттік.

Телефонына тыныштық болмайтын. Әйелдер бірінің артынан бірі звондайтын. Бізге ешқашан жылулық сыйламаған.

Бізден бөлек тағы бір сіңліміз бар. Соны алып қашып кетті. Қазір соның жанында жүр», — деді үлкен қыздардың бірі.

Сонымен қатар, ер адамның туыстары әкесі өзімен алып кеткен 13 жастағы қыздың мешітте қайыр тілеп жүргенін көріпті.

Әкесі бағдарлама барысында мұны жасырып баққанымен, қыздың өзі бұл сөздерді растады. Сондай-ақ, ол әкесімен емес, әпкелерімен тұрғысы келетінін де айтты.

«Мені әпкелеріме апар деймін. Бірақ күнде ертең апарамын дей береді», — деді қыздың өзі.

Жасөспірім жүргізушінің бірқатар сұрақтарына қиналып жауап берді. Оның сөзінше, ол расымен де мешітте қайыр тілеп жүрген. Сондай-ақ, барлық оқушылар секілді мектепке де әлі бармапты.

13 жастағы қыз Саяхаттың маңында күніне мың теңге төлеп, жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын сөз етті. Айтуынша, ол әкесімен бір бөлмелі үйде тұрып, бір төсекте жатады екен.

Ал ер адам жұмыстарымен шығып, баласын үйде тастап кеткенде, оған үйдің иесі тамақ беріп, қарап қалады екен.

Балалар мен әкенің бір-біріне таққан айыбын естіген бағдарлама ұжымы соңында 102-ге хабарласып, ер адамды құқық қорғау органдарына тапсырды.

 
  

[:]